Синоптиктердің болжауынша Астана мен Ақмола облысында көктайғақ, боран және бұрқасын болады.
—23-24 наурызда Ақмола облысында көктайғақ, боран болады. Оңтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с. Астана қаласында: 23 науырзда күндіз, 24 наурызда тәулік бойы оңтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді, кей жерлерде көктайғақ, — делінген хабарламада.
Пікір қалдыру