Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын түседі.
Республиканың оңтүстігінде күн күркірейді. Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн күркірейді, желдің екпіні — 15-20 м/с. Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, күн күркірейді, желдің екпіні — 17-22 м/с. Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күн күркірейді, желдің екпіні — 15-23 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, желдің екпіні — 15-20, күндіз ұйытқуы —25 м/с. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.
Пікір қалдыру