Қазақ хандығының 550 жылдығына І.Есенберлиннің үлесі бар

/uploads/thumbnail/20170708165504965_small.jpg

(Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы)

Қазақ Совет жазушыларының алғашқылары болып, ұлы тарихи роман жазған,  һәм әдеби көркем хронология жасаған, «Көшпенділер» трилогиясы арқылы әлемге танылған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толды. 20-ға жуық роман жазған қажырлы қаламгер, қара сөздің қас шебері. Жазушының мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтпек. Биыл қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы тойланып жатса оған  Ілияс Есенберлиннің де үлесі мол екені анық. Жазушының құйқалы туған жері Атбасар қаласында да мерейтой қарсаңында көптеген игі істер атқарылмақ. Аудан орталығында еңселі ескерткіші де бой көтереді деп жоспарлануда.

Қысқаша ғана аннонс берейік жалпы Ілияс кім? Не қалдырды?

Ілияс Енсенберлин 1915 жылы бұрынғы Атбасар уезінде дүниеге келді. Қатерлі оба ауырыуынан ата-аналарынан ерте айырылған Раунақ пен Ілияс «Жетімдер» үйінде өседі.

Отабсы: Жұппайдан тараған жұп ұл – Раунақ пен Ілияс Есенбелиндер.

Ілиястың жары Диляр әже – белгілі заңгер, Қазақстаның Әділет мнистірі болған Хамза Жүсіпбековтың қызы. Бұрынғы Қараөткелдің қазағы. (Диляр әженің әкесі Хамза «Халық жауы» делініп атылып кеткен. Осы себепті де Ілекең біраз қуғынға ұшырағын). І.Есенберлин мен Диляр апайдың Раушан, Қарлығаш, Дильфруза есімді қыздары және Қозыкөрпеш атты ұлыдары бар.

Ақындығы: «Дәулет туралы жыр» өлеңдер жинағы шықты. Басақа да жыр, дастандары жетерлік.

Драматургиясы: «Таудағы тартыс» пьесасы сол тұста республикалық жасөспірімдер театрында қойылды.

Әндері: «Жастар вальсі», «Домбыра», Мысалы «Қыз арманының» (Музыкасын жазған Е.Бруслевскийдікі) ән мәтіні мынадай:

Сағынып жүрек,

Сүйгенін тілеп,

Болмай ілазат еш емеі,

Сарғайып гүлдей,

Жадырап күлмей,

Күтк ем, сәулем, мен сені.

Келдің аман,

От боп жанам,

Құшағыңда сүйген дос.

Күлемін күндей,

Жадырап гүлдей,

Қуанам қалқам көңіл қош!

(Ақындығын да бағалай беріңіз, құрметті оқырман.)

Прозасы: 1966 жылдан бастап проза жазады. Алғашқы «Айқас» романы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алды. Және осы роман төңірегінде көптеген дау да туды. Екінші романы «Қатерлі өткел» бұл – қазақ жерінің эрозияға ұшырауы төңірегінде сомдалған туынды.

Ерекшелігі: «Көшпенділер» трилогиясы 30 тілге аударылып, әлемге 3 миллион данамен тараған шығарма.

Жетістіктері: Еңбек Қызыл ту ордені, «Құрмет белгісі» ордені, «За боевые заслуги», «За оборону Ленинграда» медалі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының иегері, 1968 жыл.

Бір қызығы: Германияның Эссен, Берлин қалалары фамилиясына ұқсас.

Жанкештілігі: «Қаһар» («Хан Кене») романын шығаруы. Ол түста естеріңізде болса роман шықпас бұрын қазақтың атақты тарихшысы Е.Бекмақанов Кенесарыны жазғаны үшін 25 жылды арқалап айдауға кеткен болатын. Ол осындай шырғалаң тұста қалай  «айласын» асырса да «Қаһар» романын шығару ерлік болса керек.

Құбылысы («Явление»): «Көпшенділер» трилогиясы. Ел егемендігін алғаннан кейін бұл туынды кино болып шықты. (Әлем елдерінде мықты шығармалар киноға айналатыны бар. Өлең ән тілеп тұратыны секілді щедевр шығарма киноға өзі сұранып тұрады. Ал, кино (Көшпенділер) жайындағы бағаны, белгілі сыншы Әшірбек Сығай берді...)

«Ғалымның қаламынан төгілген сия – шаһиттің қанымен тең»

Әуелі әңгімеміздің әлқиссасын бастамастан бұрын, мына бір жайды еске сала кеткенді жөн көрдік. Қазіргі қоғамда парадокстердің неше түрлі тізбегі көз алмасызда кернейлетіп-сырнайлатып парад түзгені – интеллегенциялық қауымға анық. Кеше ғана бақилық болған марқұм жазушы-ғалым, Таласбек Әсемқұловтың сөзімен айтсақ «Бүгінгі қазақ қоғамы - асылын өлген соң зират басында бағалайтын күйге түстік». Бүгін бізде «Еді» басым. «Игі еді», «Асыл еді», «Ардақ еді». Бұл – бір. Екінші, сорақылық, Алашқа ортақ ардақтыларды аймақ аймаққа бөліп құрметтеу үрдісі белең алды. Немесе кілең топтық кландардың зорлығымен әспеттелуде.

Көшпенді қазақтың жел айдаған қаңбақтай басы – қай сайда қалмады, қайда аяғы тимеді дерсің. Ақселеу Сейдімбековше айтсақ: «Біз көшпенділердің соңғы сарқыншағымыз. Отына жылынып, мұржалы түтінін жұтқан ұрпақпыз». Көшпендінің соңғы көші қашан да – жатақ болмақ.

(Ендеше біз де (мен де) сол өмірмен қимай да қоштасып, кештеу болса да өркениет көшіне ілестік. Киелі Атбасар қаласының жатырын жарып шықпасақ та ел ауған шақта ат басын тіреген жеріміз Атбасар еді. Сондықтан да Ілиястың ізі қалған киелі топыраққа табанымыз  тиіп,  оның рухани  із басарлары  ретінде көлемді материал дайындап, есіл ердің басағына жетуді жөн көрдік).

Қазақ руханиятына сүбелі үлес қосқан осы ат төбеліндей Атбасардан алыптар шоғырының бір парасы қалыптасты десек артық болмас. Бүкіл әлемге танылған жазушы Ілияс Есенберлин және оның бауыры техника ғылымдарының докторы, профессор, полковник, Раунақ Есенберлин, ғажайып өлкетанушы-ғалым, жазушы, ардақты әже Клара Әмірқызы, жазушы Сейтжан Ормаров сонымен қатар Д.А.Қонаевтің асыл жары Зуһра аналарымыз т.б тұлғалар шыққан өлке.

Ал шын мәнінде І.Есенберин туған ауылы Атбасарды немесе арғындарды ғана дәріптеген жоқ. Ұлы Даланы һәм күллі «Көшпенділерді» жазды. Ол үшін қазақтың әр жерінің пұшпағы оның – бойтұмары болды. Олай болмаса сонау қияндағы Маңғыстау төңірегінде роман жазбас еді. Біздіңше ол – дәл бүгінгі мешел топтық, рулық, аймақтық (Басқа да бақастық) деңгейден әлде қайда биік тұрған тұлға тұғын.

Бірақ осылай десек те алыптың 100 жылдық мерейтойына деген кей жазушы-ғалымдарды әлі де болса елең еткізе қойған жоқ. Біздің айтапғымыз бұл да емес. Әркімнің өз «Мені» әдебиет пен ұлт руханият алдында өз «Ары» бар. Біз оған «сен неге Есенберлинді ескермедің?» демейміз. Жазушы тірісінде де өмірден озған соң да ескеру мен мадақтан кенде қалған жоқ. Көше ма, мұражай ма бәрі өз деңгейінде ескерілді. Кешегі Д.Қонаев, президент Н.Назарбаев басқа да ақын, жазушы-ғалымдар тарапынан жылы пікірлер де айтылды. Ол да керек шығар бәлкім.

Алайда, Есенберинге бүгін не қажет? Ол өз қажеттілігін қажырлы еңбегімен  жасап кетті. «Ғалымның қаламынан төгілген сия – шаһиттің қанымен тең» дейді... Ал, Есенберлиннен бізге не қажет? Бізге жазушының әдебиеті, тарихи танымымызды қалыптастыратын асыл жауһарлары. Міне, осыны бір жақты етіп, мектептік оқулыққа енгізетінін енгізіп, оның шығармасын қайтадан саралап, кино түсіру арқылы халыққа етене жеткізу керек сияқты. Артық дәріптеудің керегі де жоқ шығар. «Әркім өз керегіне жарағанын алсын». (Абай).

Құдайдың қазаққа бере салған бір қызы бар - ол өлкетанушы-ғалым Клара Әмірқызы. Атбасарда туған асыл перзентерінің бірі. Есенберлиннің мұраларын тиянақты түрде мұражайға жинақтады. Жазушы жайында республикалық басылымдарға ірі материалдар жазды.

Журналистикада эпистолиярлық жанр деген «жыртқыш жанр» бар. Ол теория жүзінде хат арқылы жүзеге асатын жанр. Біздің Клара әже осы жанрда жақсы қалам тербеген – публицист. Оның «Сарыарқа» журналының 3-ші санында екі бірдей ірі материалы шықты. Бірі - Ілияс Есенберлинге келген хаттар, екіншісі – Раунақ Есенберлинмен екеуара жазысқан құсни хаттары. Жазушы Ілияс Есенберлинге әлемнің көптеген елдерінен ағылған хаттардың сырын тамаша айшықтаған. Және де ол хаттар әлі де жазушының Атбасардағы мұражайында сақталғанын айта келіп, бізге де қыруар шаруаның шетін шығарып кетті. Онда Клара Әмірқызы былай деген: «Хат адрестері: Венгрия, Моңғолия, Польша, Эстония т.б (Басқа тілдегі хаттарды оқи алмадық». («Сарыарқа» журналы №3, 16-17 бет.)

Алла сәтін салса алдағы уақытта сол хаттардың да аудармаларын ұсынбақ ниеттеміз.

Жоғарыда да айттық, тағы бір айтатын тұлға Раунақ Есенберлин. Елімізде есімі күні бүгінге дейін көмескіленіп аты айтылмай жүрген Жұппайдан тараған жұп ұлдың бірі - Раунақ Есенберлин. Техника ғылымдарының докторы, профессор, полковник, Раунақ Есенберлин.

Раунақ еркінен тыс, белгісіз себептермен ұзақ жылдар бойы Москвада тұрды. Балтық жағалауында қызметте болды. Фасиштер мен Болшевиктердің (Бұрыңғы түсінікпен айтсақ Ұлы отан соғысы) арасындағы соғысқа қатысқан сардар.

(Келесі бөлімінде бүгінге дейін құпия болып келген Раунақ Есенберлин жайында болмақ. Раунақтың естеліктері мен Клара Әмірқызы ортасындағы құсни хаттардың сырымен таныс боласыздар.)

(Жалғасы бар)

Бақытбек Қадырұлы, журналист

Қатысты Мақалалар