Қостанайдағы түрмеде төрт тұтқын уланып көз жұмды

/uploads/thumbnail/20180324113016173_small.jpg

Қостанай облысында  төрт тұтқын органикалық затпен уланып көз жұмды деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК.

Төтенше жағдай  20  наурызда Құшмұрын ауылында 161/4 түзеу мекемесінде болған. Кешкі уақытта қамаудағылар құрамында спирті бар химиялық затты ішіп қатты уланған.

Келіп жеткен құтқару көмегімен барлығы ауруханаға жеткізілді. Алайда көрсетілген көмекке қарамастан,  оларды құтқару мүмкін болмай, төртеуі де  бірдей көз жұмған.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар