Астанада ер адам көпқабатты үй шатырынан секірмек болды

/uploads/thumbnail/20171205162849223_small.jpg

Астанада Ұлттық гвардия сарбаздары суицид жасамақшы болған ер адамды құтқарып қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық гвардия баспасөз қызметіне сілтеме беріп. 

Оқиға 18 наурызда болған. Кенесары көшесінде көпқабатты тұрын үйдің шатырының үстінде отырған ер адамды байқаған Ұлттық гвардия сарбаздары оған көмекке келген.

Ер адамның сол қолында қанның іздері бар екені анықталған. Үй шатырынан секірмей тұрып, ол тамырын кеспекші болған көрінеді. Әскер жедел жәрдем қызетін шақырған. 

Тұрғын үйдегі адамдардың айтуына қарағанда, жақында ер адам сүйіктісімен араздасып қалған. Мас күйде татуласпақшы болғаннан кейін, қыз оған көнбесе керек. Кейіннен ол қызды өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан.

Ұлттық гвардия әскері ер адамды оның қарсыласуына қарамастан, құтқарып қала алған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар