Еліміздің 9 облысында дауылды ескерту жарияланды

/uploads/thumbnail/20180323235130023_small.jpg

Алдағы күндері Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар,  Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облысында су тасқыны болады деп хабарлайды Қазгидромет.

26-30 наурызда Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында, ал 26-27 наурызда Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында күн жылынып,  қардың еруіне байланысты кейбір өзендерде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы мүмкін. 

25-30 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн жылынып, жауын-шашын түсуіне байланысты кейбір өзендер арнасынан асып, судың жайылу қаупі бар. 25 наурызда Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады.

26 наурызда ауа температурасы одан әрі жоғарылауына байланысты Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) мұз кептеліп, су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар