"Узбекистан 24" телеарнасы Ферғанадағы бірқатар қоғамдық тамақтану орны есек етін сатып алып, сиыр және қой етінің орнына пайдаланғаны туралы видеоролик көрсетті.
Қылмыстық банданың үш мүшесі есектерді 250-300 мың сумнан (шамамен 10 – 12 мың теңге) сатып алып, оларды боршалап, дәмханаға келісін 25-30 мың сумнан (шамамен 1 – 1,2 мың теңге) сатқан.
Олардың клиенті негізінен Тошлок ауданындағы "Ягона" дәмханасы мен Ферғанадағы Мурод Тургуновтың асханасы болған.
Бағдарламада есек етін басқа еттен түріне қарап та, дәмі мен иісінен де ажыратуға болатыны айтылған. Сондықтан аспаз бен мейрамхана бизнесімен айналысатын адам қандай жануардың етін сатып алып жүргенін жақсы білген.
Айта кетейік, Ислам бойынша есек еті харам деп есептеледі және тамақ ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Пікір қалдыру