Ресейдің Кемерово қаласындағы өрттен құрбан болғандар саны соңғы деректер бойынша 48 адамға жеткен. 40-тан астам адам жараланған. 70-ке жуық адам із-түзсіз жоғалған, оның көпшілігі – балалар, деп хабарлайды РИА Новости.
Зардап шеккендердің бірі өрттен қашып, үшінші қабаттан секіріп кеткен.
Мәскеу уақыты бойынша 26 наурызға қараған түні «Зимняя вишня» сауда орталығында, кинотеатр мен балалардың ойын алаңдары орналасқан төртінші қабатында өрт шыққан.
Төтенше жағдай қызметкерлері өртенген нысанның әлі түтіндеп жатқанын айтады.
Өрттің неден тұтанғаны әзірше белгісіз. Өрт шыққан кезде ғимаратта болған 200-ге жуық адам сыртқа шығарылған. Зардап шеккендердің бірі өрттен қашып, үшінші қабаттан секіріп кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан кезде дабыл беру жүйесі жұмыс істемеген. Тергеу комитеті тұрғындардың мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Кемеров облыстық прокуратурасы да өрт оқиғасын тексеруді бастаған.
Пікір қалдыру