Электронды форматта сауда-саттық жүргізу туралы норма енгізілді

/uploads/thumbnail/20180326113713712_small.jpg

Бүгінгі үкімет сағатында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жекешелендірудің екінші толқынының негізгі ерекшелігіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, заманауи технологияларды пайдалану – жекешелендірудің екінші толқынына тән ерекшелік. Қазіргі технологияларды пайдалана отырып, жекешелендіру мәселесінде уақытты үнемдеу үшін электронды форматта сауда-саттық жүргізу туралы нормалар енгізілген. ҚР Ұлттық экономика министрі мұндай сауда-саттық түрінің уақытты үнемдеп, пайдаланушылар үшін ыңғайлы болатынын және сауда-саттықта «адами факторларды» толығымен жоятынын айтты.

«Мемлекеттік меншік тізілімінің веб-порталында (gosreestr.kz) электронды форматта сауда-саттық жүргізу туралы норма енгізілді. Сатушылар мен сатып алушылар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша сауда-саттықты жүргізу жекешелендіру объектілерін сату кезінде ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз етеді. Веб-портал тіркеуші органдардың базаларымен біріктірілген.

Бірыңғай сауда алаңы жалпыға қолжетімді және тек қатысушы ғана емес, кез келген ниет білдіруші де жекешелендіру объектілерінің тізбесімен танысып, сауда-саттық қорытындыларын, бағаларды, келешек жоспарларды, сатылатын объектілердің сипаттамалары мен есебін қарай алады. Сондай-ақ Android және IOS-қа мобильді қосымшалар әзірленіп, колл-орталық жұмыс істеуде», - деп мәлімдеді министр Сүлейменов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар