Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өкімде Ассамблеяның кезекті 26-ыншы сессиясы 28 сәуір күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетіндігі айтылған. Сессия тақырыбы - «Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры».
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы
- Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» күн тәртібімен шақырылсын.
- 2. Қазақстан Респбуликасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2018 жылғы 26 наурыз №125