Шымбұлақта Жас армияшылар скайраннинг бойынша жарысты

/uploads/thumbnail/20180327103841366_small.jpg

Бүгін «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Вертикальный километр — 2018» тәртібінде скайраннинг бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Марафон

«Вертикальный километр — 2018» тәртібінде скайраннинг бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатын ашу кезеңі 2018 жылға арналған ҚР Скайраннинг жарыс Федерациясының күнтізбелік жоспары аясында спорттық іс-шара болып табылады. Жарыстың мақсаты — xалықтың салауатты өмір салтын ұсынуды насиxаттау, жастарды спортқа баулу. Жарысқа «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты. Аталған іс-шараға барлығы 150-ге жуық адам, оның ішінде 20 оқушы жарысты. Жарысқа қатысушылар Чемпионатқа дейін екі апта бұрын дайындық жасаған.

Марафон

Марафон

Оқушылар Қазақстанның тау шатқалының қиын жерлерінен лақтыру адымымен жүгірді және жорғалаап өтті.

Марафон

Сондай-ақ чемпионатқа қатысушылар басталғанға дейін үш күн ішінде Фурманов шыңы арқылы жүріп өтті. Және де көптен күткен жарыс өз мәресіне жетті. Оқушыларға іс-шара барысында 3 кезеңнен тұратын төмендегідей талаптарды орындауға тура келді. Атап айтатын болсақ, «Шымбұлақ» шыңынан мәреге дейін:

1-кезең - 2500 метр;
- 2-кезең - 1500 метр;
- 3-кезең - 700 метр.

«Киров» ӘПК қатысушысы, Алматы қаласы 1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Амир Ильяс жарыстың басынан мәреге дейін әлсіздік танытпай, мәреге батылдықпен жетті. Оқушылардың тырысу нәтижелері 1 сағат 10 минутта саны анықталды.

Марафон

«Жүргізуші күтпеген жерден менің аты-жөнімді атады. Мен 15 пен 17 жас аралығында 2 орынды иелендім. Тау шатқалындағы жарыстар адамның ширығуы мен денсаулығына оң әсерін тигізеді. Жеңіске деген ерік-жігер — ҚР ҚК болашақ кадрлық офицеріне ең қажеттілікті талап етеді», - деді Амир Ильяс.

Марафон

«Вертикальный километр — 2018» тәртібінде скайраннинг бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысқан барлық жеңімпаздар грамоталармен және медальдармен марапатталды. Алматы қаласы бойынша әскери-патриоттық клубтарды Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жетекшілік етеді.

Осындай жарыстардың болуы — жастардың болашағы мен патриоттық сезімін оятуға мүмкіндік береді.

Қатысты Мақалалар