ШҚО әкімі: Төтенше жағдайлар департаментінің бірде-бір құрал-жабдығы жоқ

/uploads/thumbnail/20180327125733750_small.jpg

Бүгінгі Үкімет отырысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов премьер-министрге өңірдегі жағдайды таныстырып, өз ұсынысын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Рұқсат болса бір мәселе бар еді. Төтенше жағдайлар департаментінің бірде-бір құрал жабдықтары жоқ. Мысалы, ең керек құрал – көшпелі мотопомпа норма бойынша 112 болуы керек, ал біздің облыста 2 ғанаү. Бізде, Бәке, 2 ғана. Қайық 64 болуы керек, одан 14-і ғана, вездеход 55 нормамен бөлінуі керек, бізде оның біреуі де жоқ, жай ғана көлік 55 болуы керек, облысымызда тек қана 9. Ал енді жігіттер судың басында жүр ғой, мына гидрокомбенизон дейміз, ол бізде 1000 болуы керек, бізде барлық облысымызда 86 ғана бар. Біз, Бәке, осы жағдайда жай қарамай, осы жылдың басында 300 миллион теңге бөлдік, қазір тағы да 200 миллион теге бөліп отырмыз, бірақ осы мәселені бірге шешуге бір мүмкіншілікті, Бәке, табу керек қой деймін. Жағдай жаман емес, өзіміз жұмыс істеп жүрміз. Бірақ та біздің жігіттерде тек қана қол бар. Тағы да айтайын, жарты млрд бөлдік. Аз уақыттың ішінде осы қиыншылықтан, сөзсіз, өтеміз», - деді ШҚО әкімі.

Премьер-министр бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, өзінің бірінші орынбасары Асқар Маминге тапсырма берді.

«Асқар Ұзақбайұлы, қажетті мемлекеттік органдармен бірлесіп отырып, қарап шығыңыз. Бұл тек қана ШҚО-дағы жағдай емес, барлық облыста сондай болуы мүмкін. Әсіресе, су көп шығып жататын солтүстік өңірлерде, қар көп жауғаннан», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Қатысты Мақалалар