ЕО Жоғарғы Өкілі Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерімен кездесті

/uploads/thumbnail/20180327124420010_small.jpg

26 наурыз күні ЕО Жоғарғы Өкілі Вице-Президент Федерика Могерини "Бейбітшілік үдерісі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аймақтық ынтымақтастық" атты Ауғанстан жөніндегі Ташкент конференциясы қарсаңында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері мен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті.

Аталған басқосу 2017 жылы қарашада Самарқан қаласында өткен ЕО және Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің ресми кездесуінен кейін төрт ай, және Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының тұңғыш бейресми кездесуінен кейін екі апта аралығында орын алуда.

Ташкенттегі кездесу ЕО және Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастардың оң үрдістерін талқылау, сондай-ақ ЕО тарапынан аймақтық тұрақтылық пен гүлденуге, әрі өзара тығыз аймақаралық байланыстарды дамытуға бағытталған жоғары маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді. Еуропалық Одақ аймақ елдерінің даму мәселелері, қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша маңызды әріптесі болғандықтан Федерика Могерини және министрлер өзара ынтымақтастық болашағын талқылады.

Бұл кездесу сондай-ақ министрлерге Орталық Азия үшін жаңа ЕО стратегиясы бойынша қосымша пікір алмасуға мүмкіндік берді. Федерика Могерини және министрлер жаңартылған стратегияда тұрақты даму, реформалау және модернизация, адам құқықтары, заң үстемдігі мен тиімді басқару, бизнес, қауіпсіздік, аймақтық ынтымақтастық және өзара әрекеттестік секілді басымдықтар қалайша көрініс табатынын талқылады. Сонымен қатар Еуропалық Одақтың Жоғарғы Өкілі министрлерге Еуропа мен Азия арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа Стратегияны дайындау бойынша жұмыс және оның Орталық Азия елдері үшін өзектілігі туралы хабардар етті.

Ауғанстан бойынша Ташкент конференциясының қарсаңында Федерика Могерини Ауғанстанда бейбітшілік пен гүлденуді нығайтуға өз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін өңірлік серіктестер, соның ішінде халықаралық қоғамдастық маңыздылығын атап өтті. Темір жол және құбыр жолдарын салу, әуе байланысын дамыту, сондай-ақ осы бағыттағы маңызды қадамдар секілді Ауғанстанмен қарым-қатынасты нығайту үшін Орталық Азия елдерінің қатысуымен нақты аймақтық жобаларға қолдау білдіріледі. Кездесу қатысушылары Ауғанстандағы қақтығыстың тек бейбіт шешу жолы бар, әрі бұл мүмкіндікті «Талибан» қозғалысы қолдануға тиіс екеніне келісті.

Жоғарғы Өкіл Могерини және министрлер Түрікменстанда өтетін ЕО-Орталық Азия Саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогтың кезекті басқосуы, Өзбекстандағы Орталықазиялық экологиялық форумы, және де Терроризммен күрес пен күштеу экстремизмді алдын алу бойынша аймақтық конференция мен Су ресурстары бойынша халықаралық конференция барысында алдағы екі ай ішінде жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға ниет білдірді. Соңғы екі іс-шара 2018 жылы Брюссельде ЕО мен Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кезекті ресми кездесуіне дейін Тәжікстанда өтеді.

Қатысты Мақалалар