Астанада төрт ауданның шекарасы бекітілді

/uploads/thumbnail/20180327142909251_small.jpg

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданын есепке ала отырып, елордадағы төрт ауданның шекаралары бекітілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ХАА «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 131 қаулысымен Астана қаласындағы төрт ауданның шекаралары белгіленді. Бұл құжат алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес «Алматы» ауданының  шекарасы 15,471 гектарды, «Есіл» ауданы 39,358 гектарды, «Сарыарқа» ауданы 6775 гектарды және «Байқоңыр» ауданының шекарасы 18,129 гектарды құрайды.

Қатысты Мақалалар