БАҚ-та Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Абай ауылының 7 жастағы тұрғынына қатысты тергеу аяқталғаны туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Кәмелет жасқа толмаған баланың адвокаты Бауыржан Азанов өзінің Facebook парақшасында аталған ақпаратты жоққа шығарды.
«БАҚ арқылы «7 жастаға балаға қатысты тергеу аяқталды» деп тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат!», - деп жазды Бауыржан Азанов.
Айта кетейік, күні бұрын ғана қоғам қайраткері Аружан Саин желіде баланың анасының өтінішімен сараптама жүргізуге шетелден тәуелсіз сарапшыларды қатыстыру қарастырылып жатқанын хабарлаған.