Ресейдің Кемерово қаласында болған өрттен Павлодар қаласының тұрғыны мен оның отбасы мүшелері көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Зимняя вишня» сауда орталығындағы қайғылы оқиғадан 57 жастағы «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметкері Марина Баранова мен оның қызы Наталья Устинова және 4 жастағы немересі Ульяна Устинова ажал құшты. «Наталья Устинова Павлодардағы №16 мектеп-лицейді қызыл дипломмен бітірген»,-дейді Вероника Бондарчук атты марқұмның танысы.
Сондай-ақ, әйелдің тағы екі немересі де көз жұмды деген ақпарат бар.