БҚО-да ақбөкендер қырылып жатыр

/uploads/thumbnail/20180327161641597_small.jpg

Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгеріп, айнала мұз болып қатып, жас ақбөкендер қар астынан қорегін қазып ала алмай қырылып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Мой городқа" сілтеме жасап. 

Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының қызметкерлері  21-22 наурызда Ақжайық ауданы Чапаево ауылы төңірегінде ақбөкендерге қолайсыз ахуал туындағанын айтады.

"Күн күрт жылынып, кейін қайта аяз түскен соң, айнала мұз болып қатып, жас ақбөкендер қар астынан қорегін қазып ала алмайды. Соның салдарынан екі күн ішінде жеті бас ақбөкен қырылған", — деді облыстың орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қатешев.

Орманшылар жануарларға шөп беріп көргенімен, ақбөкендер жақындамайды екен.

"Сонымен бірге қамысқа қарай бастайтын соқпақ салынды, әлі құрып ашыққан ақбөкендер жайылымдарға жетіп, сол жерде қоректеніп жүр", — деді инспекция басшысы.

Қатысты Мақалалар