Алматы облысында бір отбасының үш мүшесін өлтірген күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облысының Ішкі істер департементінің баспасөз қызметі аталған оқиғаның болғанын растады. Олардың мәліментінше, қазір осы фактіге байланысты ҚР ҚК 99 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында бір үйден үш әйелдің мәйіті табылды. Марқұм болған жандар бір отбасының мүшелері. 1930 жылғы кейуана, оның 1967 жылғы қызы және 1994 жылғы жиен немересі бірнеше жерінен алған пышақ жарақатынан көз жұмған.