28 наурызға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20170822084853850_small.jpg

Қазгидрометтің хабарлауынша, Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады,жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек солтүстік, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, оңтүстікте - найзағай, батыста -бұрқасын күтіледі.             

Қостанай облысында жел 15-20, күндіз кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күші 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с дейін күшейуі күтіледі. Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде дауыл, жел күші 15-20 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, кей жерлерінде найзағай,  жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Маңғыстау, түнде және таңертен Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қатысты Мақалалар