Кемероводағы митинг:Тұрғындар мәйітханаға кіріп, құрбандарды санады (видео)

/uploads/thumbnail/20180328084214598_small.jpg

Кемероводағы қайғылы жағдайға байланысты қалада стихиялық митинг болып өтті. Митинг кеше жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9-да басталып, 11 сағат бойы жалғасты деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір деректер бойынша митингке 10,000-ға жуық адам қатысты. Ашулы қала тұрғындары «Зимняя Вишня» сауда-орталығында көз жұмғандар туралы ресми деректерге сенбейтінін жеткізді. Олар шенеуніктерден өздерін орталық алаңға ғана емес, мәйітханаға кіргізуді талап етті.

Митинг барысында Кузбасстың губернаторы Сергей Цивилев тізерлеп тұрып, митингке қатысушылардан кешірім сұраған.

Митингке қатысушылар журналистерге сұхбат беріп, шенеуніктердің қаза тапқандардың нақты санын жасырып жатқанын кінәлады. Кемерово қаласының мэрі Илья Середюк митингке қатысушы белсенділер тобын мәйітханаларға жіберді. Мәйітханаларға барып келген адамдар жұрт алдында есеп берді.

"Қазір ғана мәйітханаларға барып келдік. Барлық қабаттарды, подвалдарға дейін қарап шықтық. Тізімде көрсетілгендей 64 адамның мәйітін көріп келдік",-деді белсенділердің бірі.

Еске салсақ, 25 наурызда "Зимняя вишня" сауда-орталығының үстіңгі қабатында өрт тұтанып, ғимарат өртенген. Салдарынан 64 адам көз жұмды деп хабарланды. Олардың ішінде балалар да бар.

 

Қатысты Мақалалар