Кемероводағы өртті екі жасөспірім ұйымдастырған – куәгер

/uploads/thumbnail/20180328145219891_small.jpg

«Зимняя вишня» сауда орталығындағы өртті екі жасөспірім ұйымдастырған болуы әбден мүмкін. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Сибдепо» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгердің сөзінше, олар «Круча» орталығындағы батуттың текшелерін өртеп жіберген.

«Сауда орталығының қызметкері жігіттердің резеңкелерді қалай өртегенін көрді. Ол өртті сөндіруге тырысты, бірақ жалын әп-сәтте күшейіп кетті. Ал әлгі жасөспірімдер құтқарылды, оларды сауда орталығының қызметкері алып шықты», - дейді басылымға сұхбат берген азамат.

Сауда орталығының қызметкері құқық қорғау органдарына бұл туралы айтқан. Екі жасөспірімнің бет әлпетіне де сипаттама берген.

Оның айтуынша, «Зимняя вишня» сауда орталығының төртінші қабатында бұзақы жастар көп жиналады екен. Күзет қызметінің оларға шамасы жетпеген. Сауда орталығының әкімшілігі күзетшілерді ауыстырмақ болған.

Куәгер сауда орталығының есіктері жабық болды деген деректі де жоққа шығарды. «Бақылаушылар есіктерді ашып, өрт жөнінде хабар беріп үлгерді», - дейді ол.

Еске салайық, Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттің салдарынан ондаған адам қаза тауып, 50-ге жуығы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қатысты Мақалалар