Ким Чен Ын мен Си Цзиньпиннің кездесуі (фото)

/uploads/thumbnail/20180328150747717_small.jpg

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын әйелі Ли Соль Чжумен соңғы жеті жылда алғаш рет шет елге сапарға шықты. Бейжіңде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, өткен келіссөздерді «шынайы және достық мақсатта жүргізілді» деп бағалады.

Ким Чен Ынның алғашқы сапарының себебі – Си Цзиньпиннің Қытай төрағалығына қайта сайлануы болды.

Сапар жайлы ресми хабарланған жоқ. Аптаның басында Бейжіңде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, сейсенбіде темір жол вокзалына қарай еш бір белгілерсіз кортеж жүріп өткен. Содан кейін БАҚ вокзалда Солтүстік Кореядан келген арнайы пойыздың болғанын хабарлады.

Ким Чен Ын

Кездесу барысында КХДР және ҚХР басшылары әлемдегі және Корей жарты түбегіндегі жағдайларды талқылап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты қолдайтындарын мәлімдеген.

Ким Чен Ын

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың дамуы аясындағы негізгі қағидаларға тоқталып өтті. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасты өзгерту ниеті бар екенін ескертіп, Америка-солтүстіккореялық саммит өткізу туралы жоспары бар екенін айтты.

Ким Чен Ын

Сапар қорытындысында, Си Цзиньпин Ким Чен Ынды Қытайға қайта шақырды. Оған жауап ретінде Ким Чен Ын ҚХР төрағасын Пхеньянға шақырды.  

Ким Чен Ын

Қатысты Мақалалар