Бақытжан Сағынтаев бүгін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Shymkent City» тұрғын алабына барды, сондай-ақ президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші әлеуметтік бастамасын орындау жоспарымен танысты.
Нысанды тексеру барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа «Shymkent Сity» тұрғын үй кешені 56 мың тұрғынға арнап салынып жатқаны айтылды. 427 га аумақта 2025 жылға дейін 324 тұрғын үй, 7 мектеп және 21 балабақша салынады.
Жалпы алғанда, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы 7 665 пәтерді тапсыру көзделген. Бүгінгі таңда облыста 277 көпқабатты тұрғын үй (13 009 пәтер) салынып жатыр. Жыл соңында 129 үй (4 582 пәтер) пайдалануға беріледі.
Өз кезегінде «Базис-А» корпорациясының өкілі А. Өмірзақов әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы айтып берді: 8 мың адам сыятын «Шымкент Арена» спорт кешені; сондай-ақ «Конгресс-орталық», онда бір мезгілде 2 мыңға жуық адам бос уақытын өткізе алады. Сонымен қатар, «Шымкент» ӘКК төрағасы А. Алдажаров облыс орталығында жаңа әуежай терминалын салу тұжырымдамасымен таныстырды.
Пікір қалдыру