Бақытжан Сағынтаев ОҚО-дағы болат блюм шығаратын зауытқа барды

/uploads/thumbnail/20180328200313278_small.jpg

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Оңтүстік» индустриалды аймағы аумағындағы «Shymkent Temir» оңтүстік өңірдегі болат блюм шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорынға барды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Объектіде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кәсіпорынның негізгі өндірістік циклдарымен танысты. «Shymkent Temir» ЖШС бас директоры Б. Әлтеевтің айтуынша, зауытта 40 тонналық индукциялық пештер және үш қырлы үздіксіз құю машиналары қолданылады.

Жоба 2015–2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, осы жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі. Шығарылатын өнімнің 100% жақын шетелдерге экспорттау көзделген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар