Әлеуметтік желіде Кемереоводағы «Зимняя вишня» сауда орталығының қызметкерлері өрт уақытында WhatsApp желісі арқылы сөйлескен хабарламаларының скриншоты пайда болды. Экраннан түсірілген суретті Mash Telegram-арнасы жариялады.
Суреттен бір қызметкердің сағат 16.04-те өрт басталғанын хабарлағанын байқаймыз. Артынша өзге қызметкерлер өрттің қай қабатты жайлап жатқанын жарыса жазған.
Еске сала кетейік, «Зимняя вишня» сауда үйіндегі өрт 25 наурызда күндіз басталған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өртте көз жұмғандардың саны 64-ке жеткен.
Пікір қалдыру