Таразда тіркеуде тұрған педофил оқушы қызды зорламақ болған

/uploads/thumbnail/20170927192023969_small.jpg

Таразда  оқушы қызға азғындық жасамақ болған азамат қолға түсті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Айуандық әрекетке барғысы келген 21 жастағы жігітті жергілікті таксист пен оқушы қыздың ұстазы бірігіп ұстап берген. Қашып құтылмасын білген жас жігіт арам ойының болғанын мойындаған.

Әлеуметтік желіде №8 мектепте оқитын 3-ші сынып оқушысын зорламақ болды деген күдіктінің суреті жарияланған. Ертесіне оның көшеде жүргенін сол оқушының мұғалімі көріп қалады. Жігітті жалғыз өзі қолға түсіруге әлі келмейтінін білген соң, ұстаз көшедегі таксистен көмек сұрайды. Бекболат Досанов сөзге келмей бірден көлігіне отырып, күдіктінің ізіне түседі. Қашамын деп әбден шаршаған жігіт ақыры ұсталған.

Ал күдіктінің өзі қолға түскен кезде оқушы қызға азғындық көрсетіп, арам ойын жүзеге асырғанын айтады. Бірақ мектеп директоры болса, шәкіртім жәбір көрген жоқ, оған медициналық тексерулер дәлел, дейді. Білім ордасы басшылығының айтуынша, 3-ші сынып оқушысын жақындары мектепке жеткізбей жарты жолда қалдырып кеткен.  Дәл сол кезде 21 жастағы күдікті жеткіншекті тұншықтырып, подьезге сүйреген. Куәгерлер көріп айғай салған соң, арам пиғылы іске аспай қашып кеткен. Қазір күдікті ұсталған кездегі  бейнежазба әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыға түсіп жатыр. Көбісі ұсталған азаматтың ақыл-есінде ауытқушылық болуы мүмкін деген пікірді алға тартуда.

«Екі қыз көріп қалмаған кезде бәрі басқаша болуы мүмкін еді. Бірақ бақытымызға, қуанышымызға орай, ондайдың алдын алдық деп айтуға болады», - деді  Тараз қалалық №8 гимназия директорының міндетін атқарушы Әлішер Әзімбай.

Расымен де қамауға алынған жігіт психологиялық диспансерде 10 жылдан бері тіркеуде тұрғаны анықталыпты. Қазір ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал зәбір көрген қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр. Осы оқиғадан кейін Тараздағы мектептерде тәртіп күшейтілген. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар