Алматыда соя тұздығы лас жертөледе жасалғаны анықталды (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20180331100743569_small.jpg

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Дархан шағын ауданындағы үйлердің бірінде тінту жұмыстарын жүргізу барысында белгілі маркалы соя тұздығын жасайтын астыртын жұмыс істеп жатқан цехты тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы бойынша кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Цех иелерінен 33 744 дайын соя тұздығы,   930 000 қақпаққа жабыстырылған тауар белгісі бейнеленген қағаз, 524 172 бөтелкедегі қағаз, 14 400 бос пластмасса бөтелке, 672 672 бөтелке қақпағы, «Amoy» тауар белгісі жабыстырылған 1800 қорап, соя тұздығын өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді» делінген ведомства хабарламасында.

Жертөлені жалға алушы соя тұздығын өндіруге қажеттінің барлығын интернет арқылы сатып алған.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз цехтің жұмысы туралы қаладағы базарлардың бірінде жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде білді. Сол уақытта сатушылардан 6 864 құты соя тұздығы тәркіленген.

Цех

Цех

Цех

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар