Павлодардағы мешіттер Аягөзге 30 тонна азық-түлік жіберді

/uploads/thumbnail/20180331163827819_small.jpg

Павлодардағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінен Аягөздегі апаттан зардап шегушілерге көмек ретінде «Ертіс-Павлодар жәрдемі» қайырымдылық керуені жіберілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

 Акция аясында Павлодар облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері арқылы 30 тоннадан астам азық-түлік пен киім-кешек жиналған.
 
«Наурыз айының басында Аягөздегі алапат су тасқыны болған күннің ертеңінде ҚМДБ-дан еліміздегі барлық мешітке апатқа ұшыраған ағайынға барынша қайыр қылу туралы тапсырма берілген еді, — деп атап өтті баспасөз қызметі. – ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігі осы тапсырмаға сәйкес, әрі мұсылмандық және адамгершілік парызы ретінде тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Ертіс-Павлодар жәрдемі» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын. Акция аясында Павлодар облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері арқылы 30 тоннадан астам азық-түлік пен киім-кешек жиналған», деп жазады жергілікті мешіттің баспасөз қызметі.

30 наурыз, қасиетті жұма күні қайырымдылық керуенін «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Жолдас Бердімұратов бата беріп, жолға шығарып салды. 

Қатысты Мақалалар