Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 50-ден асты

/uploads/thumbnail/20180330145431098_small.jpg

Шымкентте балмұздақтан уланып, жағдайы нашарлаған науқастар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Басқарманың мәліметінше, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан төрт науқас қалыпты жағдайға түскен.  Бір ересек тұрғын мен жүкті әйел және екі жасөспірім қазір бөлімшелерге ауыстырылған. Сондай-ақ алты науқастың денсаулығы жақсарған соң, ауруханадан шығарылды. Сала мамандарының сөзінше, кешеден бері ауруханаға балмұздақтан іші ауырып түскен  әлі де түсіріп жатқандар бар. Ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 50-ден асқан. Сонымен қатар балмұздақ жеп ауырғандардың бірқатары аудан-ауылдарға тарап кеткен. Олардың да нақты саны мен ауру белгілері қазір анықталу үстінде екен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар