Өзбекстанның ұлттық кино агенттігі Қырғызстанның «Дан» продюсерлік орталығымен әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» атты шығармасының желісімен көркем фильм түсіру туралы келісім жасасты. Бұл жайлы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Кабар агенттігі сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жоба ұлы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын Өзбекстанда кеңінен тойлау аясында жүзеге асырылмақ.
Шыңғыс Айтматовтың шығармалары дүниенің көптеген халықтары қатарында өзбекстандықтар арасында да кеңінен танымал. Өзбекстанда түсірілетін жаңа фильмнің аты «Сарвқомат дилбарим» деп аталады.
Пікір қалдыру