Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстан территориясының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек оңтүстік-шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасынмен желдің күшейюі күтіледі. Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-23 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейіп шаңды дауылмен күтіледі. Атырау облысында күндіз жел күші 15-20 м/с болады. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейін күшейіп жаяу бұрқасынмен күтіледі.