Талдықорғанда жасөспірім өз анасын өлтіріп, компьютер клубына барған

/uploads/thumbnail/20180220141413362_small.jpg

Талдықорған қаласында кәмелетке толмаған жасөспірім  анасын айуандықпен өлтірген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқушының анасы 20 наурызда 43 жасқа толған. Бес күн өткеннен кейін оны туған ұлы – Талдықорғандағы мектептердің бірінде оқитын 11 сынып оқушысы өлтіріп тастаған.

Марқұм әйел Талдықорғанда облыстық накологиялық диспансерде жұмыс істеген. Әріптестері мен науқастар оны жақсы медициналық қызметкер және өз ісінің маманы ретінде біледі. Ол бұл салада 23 жыл істеген.

 Белгілі болғандай, олар отбасында үш адам: анасы, қызы мен ұлы болған. Қызы Алматыда жоғары оқу орындарының бірінде оқыса, ұлы биыл мектеп бітіруі керек болатын. Әйел қызының оқуын төлеу үшін негізгі жұмысынан бөлек ақылы емханаларда медбике болып жұмыс істеген.

Әріптестерінің айтуларынша, ұлы анасының ұйықтап қалуын күтіп, оны тұншықтыра бастаған. Одан кейін қолына пышақ алып, бауыздаған.  Ол анасының көз жұмғанына көз жеткізгеннен кейін компьютер клубына барған. Одан кейін үйге қайтып келіп, ұйықтайды. Таңертең таңғы асын ішкеннен кейін анасының денесіне ас содасын сеуіп, кешке қарай полиция қызметкерлеріне өз еркімен берілген.

Полиция қызметкерлері қатігездікпен өлтірген жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қатысты Мақалалар