Шығыс Қазақстан өңірінің оқушылары білім сапасын тексеретін сыртқы бақылаудан босатылады, деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мұны бүгін Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов айтты. Бұған себеп, облыстың кей жерлері су құрсауында қалған. Сондықтан дәл қазір оқушылардан сынақ алу қиын шаруа.
Айта кету керек, білім деңгейін бақылайтын сынақ 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Оны мектеп қабарғасындағы 4, 9 және 11 сынып оқушылары тапсырады.
- Шығыс Қазақстан облысындағы күрделі жағдайға байланысты оқушыларды білім сапасын тексеретін сынақтардан босатуды ұйғардық. Өңірдегі жағдайға байланысты сынақ тапсыру мүмкін емес. Биыл бақылау жұмыстары 9 сәуірден басталатынын айта кету керек, - деді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.
Пікір қалдыру