Сауль Альварес: Головкин менен қорқады

/uploads/thumbnail/20180405092737975_small.jpg

5 мамырға Лас-Вегаста жоспарланған Головкин мен Альваерстің жекпе-жегі мексикалық тараптың бастамасымен өтпейтін болды.

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің ойынша, Головкин мен оның жаттықтырушысы Абель Санчестің тарапынан айтылған сын үрейден туған. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Шынымды айтсам, Головкин мен оның командасының мен туралы айтқан пікірлері мені алаңдатпайды. Олар дәрігер немесе сарапшы емес. Көңіл аудармаймын. Мен үшін бұл жекпе-жектен қашудың бір амалы сынды. Рас, Головкин менен қорқатын секілді», - деді Канело пресс-конференция барысында.

Айта кетейік, 5 мамырда Лас-Вегаста жоспарланған жекпе-жек өтпейді. Ол күні GGG рингке өзге қарсыласпен шығады.

Қатысты Мақалалар