Мысырда ірі жол апатынан 20 адам мерт болды

/uploads/thumbnail/20180405090257889_small.jpg

4 сәуірде Мысырда болған жол апатынан 20 адам ажал құшты. Бұл туралы Youm7 жергілікті құқыққорғау органдарына сілтеме жасап хабарлады.

Деректерге сәйкес, жол-көлік оқиғасы Сохаг және Асьют қалаларын біріктіріп тұрған тас жолда болған. Жол апатына жүк көлігі мен жолаушыларды тасып бара жатқан микроавтобус түскен. Оқиға жүргізушілердің рөлге ие бола алмауының себебінен болған.

РИА Новости Мысырдағы көлік жүретін жолдардың сапасы нашар екенін жазады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елде жол апаты кесірінен жылына 12 мың адам мерт болатынын мәлімдеген.

Қатысты Мақалалар