2018 жылдың 5 сәуірінде QAZAQ BATYRY жекпе-жек Академиясында ҚР Грэпплинг Қауымдастығының Президенті Қанат Алин көктемгі спорт маусымына жоспарлаған жобаларымен бөлісті. Сонымен қатар, қысқы маусымда жеткен толайым жетістіктеріне де тоқтала өтті.
Бірегей спорт түрі елімізде қарқынды даму үстінде. Қауымдастық бұл спорт түріне деген махабатты мектеп табалдырыған бастап ұялатуды көздеп отыр. Әлемдік тәжірибелерді зерттей келе Грэпплинг Қауымдастығы “Мектеп лигасы” ҚБ бірлесіп «School Grappling League» жобасын жүзеге асыруда. Бүгінде «Білім - инновация» лицей базасында Астана және Қостанай қалаларында факультативті сабақтар ашылды. Жақында спорттық ұйым Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімінен қолдау алған болатын. Жалпы білім беру мекемелерінде енді тегін грэпплинг секциялары белсенді түрде ашыла бастайды. Баспасөз конференциясы барысында Қауымдастық басшысы Қанат Төлеубекұлы мен «Мектеп лигасы» қоғамдық ұйымының төрағасы Нұрлан Иргизбаев ынтықмақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
Елімізде грэпплингтің шынымен де қарқын қосқандығы байқалады. Аймақтардағы қызуғушылық күннен күнге артып келетіні де жасырын емес. Қанат Алиннің айтуы бойынша: «ҚР Грэпплинг Қауымдастығының басты мақсаты – қазақстандықтарды ата-бабаларымыздың қалдырған ұлттық құндылықтарын сақтай отыра рухани және физикалық тұрғыда дамыту. Елбасының сыңдарлы саясатының арқасында біздің ел грэпплингтен әлем чемпионатын Астана қаласында өткізу мүмкіндігіне ие болды. Қауымдастық өз кезегінде, 6-9 қыркүйек күндері өтетін айтулы додаға дайындығын бастады».
Қысқы маусымды Қауымдастық халықаралық «Astana Open 2018» турнирімен бастады. Астана қаласында өткен бәйгеге әлемнің алты елінен келген 600 астам спортшы қатысты. Қазақстан, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Үнді елдері жылдың басты додасында бақталасты. Айта кету керек, аталмыш халықаралық турнир қатарынан үшінші рет ұйымдастырылып отыр.
Келесі кезекте Жастар Сарайында ересектер және ардагерлер арасында 10-11 ақпан күндері аралығында Астана қаласында өткен грэпплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 500-ге жуық спортшы қатысты. Турнир нәтижесіне сәйкес Ұлттық құрама жасақталды. Айта кетейік, бұл жолы да отандастарымыз қоржынымызды алтынға толтырды.
Қазақстан Ұлттық құрамасы грэпплингтен Бішкекте өткен Азия біріншілігінде 30-дан астам медаль (12 алтын, 12 күміс және 9 қола) және бірінші жалпы командалық орынды қанжығасына байлады. Қазақстандықтар негізгі қарсыластары – турнир қожайындары Қырғызстанды (2 орын) және Иран құрамасын қапы қалдырды. Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда Қырғызстан астанасы Бішкекте ерлер және әйелдер арасында грэпплинг және грэпплинг гиден Азия чемпионаты өтті. Аталмыш біріншілік алғаш рет UWW Дүниежүзілік күрес Қауымдастығының ережесіне сәйкес Олимпиада жанұясына кіретін грек-рим, еркін және әйелдер күрес түрлерімен қатар ұйымдастырылды. Өткен жылы Астана қаласында Азия чемпионатында біздің палуандар қырықтан астам медальді қанжығаларына байлап бірінші орынға ие болған еді. Дәл осылай Қазақстан Азия континентінде үздік екендігін екінші мәрте дәлелдей түсті.
1 сәуір күні QAZAQ BATYRY KIDS турнирі ұйымдастырылды. Қазақстандық балалар кілемінде аса үлкен сұранысқа ие жарысқа екі жүзден астам 4-тен 11 жасқа дейінгі кішкентай палуандар қатысты. Ал 7 және 8 сәуір аралығында Жастар Сарайында балалар, жастар және юниорлар арасында ҚР чемпионаты өтеді.
Баспасөз конференциясы барысында Қауымдастық деректі фильмдер легімен таныстырды. Жарыстар барысында түсірілген бейнематериалдар спорт сүйер қауым ғаламтор желісінен жақын уақытта тамашалай алады. Спорттық ұйым бұл бағытта әлі де талай жұмыс істеу керек екендігін жасырмады. Жастарды спортқа баулу және ынталандыру - бүгінге қойып отырған басты мақсат.
Пікір қалдыру