Алматыда әр алынған бордюр үшін есеп берілетін болады — қала әкімі

/uploads/thumbnail/20171221140215054_small.jpg

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кеңейтілген кеңес өткізді, оның барысында мердігерлік ұйымдар мегаполисте алдағы уақытта жолдарды жөндеудің нақтылы мерзімі мен көлемі көрсетілген жаңарған жоспарды ұсынды. Бұл жайында Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

Қала басшысы кеңеске қатысушылардың назарын тұрғындарға қолайлы болу үшін жұмысты барынша сапалы әрі қысқа мерзімде аяқтауға аударды. Қазірдің өзніде барлық мердігерлік ұйымдар арнайы жасалған қоршауларды алды. Әр обьектіде мердігер - компания директорнының, жұмысқа техникалық бақылау жасайтын және аяқталу мерзімін қадағалайтын ұйымдардың байланыстары көрсетілген паспорт орнатылады. 

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов әр ақаулы көше бойынша бордюрлер санының анықталғандығын және олардың дені дұрыс екенін, жасалған бұл акт кейін Наурызбай және Алатау аудандарына берілетінін айтты.

«Биылғы жылы жөнделетін әр көше бойынша біз ақау актісін жасадық. Бұлардағы алынып қалған бордюрлер қайта қолданылады, яғни тротуарлар, пандустар және биыл жөндеу жұмыстары қарастырылмаған көшелер үшін пайдаланылады. Барлдық тиісті ақпарат әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауының порталында жарияланады» - деді ол.

Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша аудандық әкімдіктер жүргіншілерге қиындық туғызатын түрлі құрылыстар жаулап алған тротуарларды тексерді. Стихиялы тұрақтың алдын алу және жүргінші қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалыс қысқарып, тротуарлар абаттандырылады.

Еске салсақ, Алматыда 2018 жылы ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделеді. Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдарын алып тастау қарастырылған. Жол жиегіндегі тротуарлар абаттандырылады, арық науалары жаңарады, қажет емес конструкциялар алынады, айнала жасылдандырылады, бұған қоса тұрақ қалталары қиғаштанады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар