Есімнің дұрыс, дұрыс емесін білейін деп кешеден бері миым ашыды. 2016 жылы Президент және мәжіліс сайлауына 14 миллиард теңге шамасында қаржы қарастырылып қойған екен. Ал биыл тек кезектен тыс президент сайлауына 5 миллиардтан аса қаржы кетеді. Келер жылы 6-7 миллиард Перлемент сайлауына тағы кетеді?! Сонда "экономикалық тұрғыдан тиімді!" деген қалай қисынға келеді, а? 2011 жылы "Қазақстан құлап қалады" деп кезектен тыс сайлап жібергенімізде биылғыдан 1 миллиардтай жұмсалған еді?! Түк түсінсем бұйырмасын, сенаторлар ренжімесін)
П.сы. цифрлар "Экономикалық зерттеулер, бағалау және мониторингілеу орталығы» қоғамдық қорынан алынды.
Серік Әбікен, Facebook парақшасынан