Ақтөбеліктер аудандарың «Алматы» және «Астана» аталуына қарсы шықты

/uploads/thumbnail/20180410085352787_small.jpg

Депутаттар Ақтөбедегі жаңа аудандарды «Астана» және «Алматы» деп атауды бекіткен. Аудандардың бұлай аталуын халық түгелдей қолдағанын да жеткізді. Алайда әлеуметтік желіде ақтөбелік тұрғындардың жаңалыққа қуана қоймағаны байқалады.

Қарсы тұрғындар аудандарға Елек және Сазды деген атауларды беруді ұсынып, хат жазды.

6 сәуірде мәслихат сессиясында депутаттар бірауыздан Ақтөбедегі екі ауданды «Алматы», «Астана» деп атауды шешкен. Дауыс берушілердің көбі атауды қолдады.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары депутаттардың ұсынысына қарсы екендерін жарыса жазды, тіпті олардың көптігі сонша, кімнің қолдағанын түсінбей дал. Ең белсенділері аудандарға екі астананың емес, Ақтөбе тарихына қатысы бар атауларды беруді ұсынып, хат жазды. Хат жазғандардың қатарына тарихшылар, журналистер, мұғалімдер мен өзге де интеллигенция өкілдері қосылды.

Диапазон порталына белсенділер не себепті қарсы екендерін айтты.

«Біріншіден, депутаттар халықтың пікірімен санасқан жоқ. Сонда біздің қаламыз үш қаладан тұратын болады ғой – Ақтөбе, Алматы, Астана. Аудандарға екі өзеннің – Елек және Сазды деген атауларды бергенін қалаймыз», - деді «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Айтқали Италиев.

Белсенділердің сөзінше хат Қазақстан президентіне, Ақтөбе облысының әкімдігіне және ономастика комиссиясына жіберілді.

Қатысты Мақалалар