Қазақстанда қанша шетелдік білім алып жүр?

/uploads/thumbnail/20180410090332474_small.jpg

Қазақстанда 2018 жылы 14 мыңға жуық шетелдік студент оқып жатыр. Ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті  50 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Бұл жайында Халықаралық бағдарламалар орталығы хабарлады.

Оның ішінде:

Өзбекстаннан – 3683 азамат;

Үндістаннан – 3290;

Түркіменстаннан – 1320;

Қытайдан – 1290;

Қырғызстаннан – 1026 тұрғын елімізде білім алып жатыр.

Соңғы он жылда әлемде шетелде білім алушылардың саны 70 пайызға артқан. ЮНЕСКО-ның статистика институтының мәліметінше, 1999 жылы шетелде білім алатын студенттердің саны – 1,68 млн. Ал 2014 жылы – 207 млн адам.

Шетелдік студенттер ел экономикасына елеулі пайда әкеледі. 2007 жылы Австралия 4,2 млрд австралиялық доллар пайда тапты.

Қатысты Мақалалар