Берік Имашев ТМД бақылаушылар миссиясының баспасөз конференциясында сөз сөйледі

/uploads/thumbnail/20180413095840603_small.jpg

2018 жылғы 12 сәуірде Баку қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев Әзербайжан Республикасының президенттік сайлауында ТМД бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясына қатысты.

Миссия басшысы, ТМД Атқарушы комиссиясының төрағасы Сергей Лебедев 11 сәуірде болған мерзімнен тыс президенттік сайлауы бәсекелестік негізінде, еркін, ашық және Әзербайжанның Конституциясы мен Сайлау кодексіне сай өткенін айтты.  

ҚР ОСК төрағасы Б.Имашев ТМД бақылаушылар миссиясы құрамында сайлауға 34 қазақстандық бақылаушы Әзербайжанның 5 аймағында жұмыс атқарғанын атап өтті.  

«Ұйымдастырудың және сайлауды өткізудің жақсы деңгейін, аймақтық сайлау комиссия мүшелерінің жоғарғы біліктілігін және олардың өз елінің сайлау заңнамаларын білуін ерекше атап өтім келеді. IT-технологиялар мен техникалық құралдардың ішінде сайлау учаскелеріндегі маркерлеуді де атап өткен жөн.  

Сайлауға қатысудың жоғарылығы халықтың электоралдық-құқықтық мәдениеті және ашық ерік білдіре алуға бүкіл жағдайдың жасалғанымен байланысты», - деді Ортсайлауком басшысы.

Сондай-ақ, Б.Имашев Әзербайжанның сайлау комиссиялары, оның ішінде төменгі деңгейдегі сайлаукомдардың, мүшелерінің кәсібилігін жоғарылату тәжірибесі назар аударып арнайы зерделенуі тиіс екенін атап өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар