Айдар Шәрібаев америкалық боксшыдан жеңіліп қалды

/uploads/thumbnail/20180413105130307_small.jpg

Айдар Шәрібаев (7-1, 6 КО) АҚШ өкілі Эндрю Канчиомен (18-4-2, 14 КО) титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «SPORTINFORM» САА сайтына сілтеме жасап.

Индиода өткен айқаста боксшылар екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA InterContinental белдігі үшін күш сынасты. Жерлесіміз жекпе-жекті қарқынды бастады.

Алайда үшінші, бесінші раундтарда нокдаунға түсіп қалды. Соңғы оныншы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, Шәрібаевқа техникалық нокаут жариялады. Бұл қазақстандық былғары қолғап шеберінің 58,967 килограмға дейінгі салмақ санатындағы дебюті әрі кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі болды. Бұған дейінгі 7 кездесудің барлығын да Айдар жеңіспен аяқтаған.

Еске сала кетейік, Golden Boy Promotions өткізген бокс кешін аңыз боксшы Бернард Хопкинс жүргізген болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар