14-16 сәуірге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180401103009406_small.jpg

Қазақстанның оңтүстік облыстарына Ираннан белсенді бұлтты сілем жылжып келеді. Жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Суық фронттың өтуіне байланысты бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен шығысында температура нормаға жақын болады деп күтілуде.

Қазақстанның солтүстік жартысына антициклон тарамы жылжып келеді, оның ықпалынан жауын-шашын уақытша тоқтайды деп күтілуде. Батыс Сібірден келетін суық арктикалық  фронттан кейін сулы қар түріндегі жауын-шашын болады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар