Қарағанды облысында өзен суы үйлерді басты

/uploads/thumbnail/20180413175551324_small.jpg

Қарағанды облысында өзеннің арнасынан асуы салдарынан екі жеке үйді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Биыл 12 сәуірде сағат 20:03-те Сабыр қожа өзенінің арнасында сең үйіндісінің жиналуы салдарынан Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаевка елді мекеніне жақын маңда өзен арнасы қысқа уақытқа тасып, оған жақын орналасқан жеке үйлердің 20 ауласын су басты», - делінген ведомствоның хабарламасында.

21:30-да Қарағанды облыстық ТЖД бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарының күшімен арық қазылып, өзен арнасының бұрынғы қалыппен ағуы қамтамасыз етілді. Жағдай толығымен тұрақталды. Ешкім зардап шекпеді.

13 сәуірде сағат 08:00-де су тасқыны болған жерде өзен арнасын санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар