ҚР Экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгінгі Үкімет сағатында еліміздің экономикалық жағдайына турасында баяндама жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Ағымдағы жылы бірінші тоқсанда ел экономикасында жағымды үрдістер сақталды. Есептік кезеңде жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,1 пайызды құрады. 2017 жылғы сәйкес кезеңде 3,6 пайыз болған. Мұндай серпін өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының және көрсетілетін қызметтер саласының өсуімен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ жалпы ішкі өнімнің ұлғаюына инвестициялардың жоғары өсуі және төмен инфляциялық әдістер септігін тигізуде.
Инфляция жыл басынан бері 1,8 пайызды құрады, 2017 жылғы сәйкес кезеңдегіден 0,5 пайызға төмен. Жылдық мәндегі инфляция 6,6 пайызды құрады. Ағымдағы жылы 1 сәуірге дейін елдің халықаралық резервтері 1,5пайызға, 90,4 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. Алтын валюта резервтері 1,1 пайызға немесе 31,1 млрд АҚШ долларына дейін, ұлттық қор активтері 1,6 пайызға немесе 50,3 млрд АҚШ долларына дейін өсті", - деп мәлімдеді ҚР экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Баяндамасының соңында елдегі орташа айлық еңбекақы көрсеткішіне де тоқсталып өткен министр айлық еңбекақының өскенін мәлімдеді.
"Еңбек нарығындағы жағдай орнықты болап қалуда. Ағымдағы жылы наурыз айында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде сақталды.
Еңбекақының өсуі байқалып отыр. Ерекше атап өтетін жағдай, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық еңбекақы нақты көріністе 2,4 пайызға өсіп, 153,2 мың теңгені құрады", - дейді министр
Пікір қалдыру