АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды кейінге қалдырды

/uploads/thumbnail/20180314101245050_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбіде Ресейге қатысты жаңа экономикалық санкцияларды енгізуді кейінге қалдыруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

15 сәуірде кешкісін Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшілерімен ақылдасып, санкцияларды ресми жарияланғанына  көңілі толмайтынын, әрі оларды қабылдауға қатысты онша сенімді емес екенін айтқан.

Трамп администрациясының өкілдері хабарлағандай, экономикалық санкциялар Мәскеуге қатысты қабылданатын басқа да шаралармен қатар мұқият қарастырылды, бірақ Трамп оларды жүзеге асыруға әлі рұқсат берген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ Сириядағы ахуалға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдады. Оның сөзіне сүйенсек, Вашингтонның жаңа санкциялары Сириядағы химиялық қару өндірісіне технология жөнелткен компанияларға қатысты болмақ.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар