Алматы қаласындағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Еске салайық, бүгін Алматыдағы жол апатынан 1994 жылғы бойжеткен тілге келмей қайтыс болған еді.
Қайғылы оқиға Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған. 126-шы автобус Төле би көшесімен шығыс бағытта жоғары жылдамдықта келе жатып, қызыл бағдаршамға өткен кезде бойжеткенді қағып кеткен.
Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, 30-40 минут бойы қыздың өміріне араша түскен, алайда ол алған жарақатынан жан тапсырды.