Кеше Алматы облысындағы Алматы-Бішкек тас жолында әйелді баласымен көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Patrul.kz-ке сілтеме жасап.
Баласы мен анасы сол жерде көз жұмды. Олар рұқсат етілмеген жерден өткен болуы мүмкін. Қазір жол апатының мән-жайы тексеріліп жатыр.
Әйел мен баланы қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір көлік пен жүргізушіні анықтау үшін жұмыс жүргізілуде.


