Семейде 18 жастағы қыз жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20180213183008634_small.jpg

16 сәуірде үйінен шыққан қыз сол күйі қайтып оралмаған,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Із-түзсіз жоғалып кеткен Әйгерім Амренова қаладағы колледждердің бірінде білім алады. Қазір қызды тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Бүгін қызды іздеу жұмыстарына қаладағы   "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының мүшелері де шықпақ.

«Ата-анасы мен туған-туыстары да іздеп жатыр. Қазір оның ұялы телефоны өшіп жатыр. Сондықтан хабарласа алмай жатырмыз.  Табылып қалады деген үміт бар. Кешкі сағат 18.00-де қозғалыс мүшелері мен еріктілер Әйгерімді іздеуге шығамыз», - деді қозғалыс жетекшісі  Евгения Павел.

Әйгерімнің бойы - 167 см, орташа денелі, шашының түсі қоңыр, көзі жасыл, оң жақ бетінде меңі бар. Жалғыз баласынан көз жазып қалған ата-ана ол туралы қандайда бір ақпарат табылса 8 747 349 57 17, 8 702 141 22 50 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар