19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180401103009406_small.jpg

Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым аймақтарында ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

21 сәуірде Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі температура 18-23 градусқа дейін жетеді деп күтілсе, оңтүстік аймақтың кейбір аудандарында ауа температурасы 25-28 дейін жетуі мүмкін. Шығыста және орталықта температура 13-21 дейін көтеріліп, солтүстік өңір 10-18 градусқа дейін жылынады.

Республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар